KZ RU
Әлеуметтік педагогтің оқушылармен әңгімелесуі
ҚОЛДАУ · ҚАМҚОРЛЫҚ · СЕНІМ

Әлеуметтік
педагог жұмысы

Әр балаға қолдау.
Әр отбасына қамқорлық.

Құжаттармен танысу
ПАЙДАЛЫ МАТЕРИАЛДАР

Құжаттар

Әлеуметтік педагог жұмысына қатысты анықтамалар мен материалдар

МЕКТЕП ӨМІРІ

Асханаға мониторинг

Балалардың сапалы әрі қауіпсіз тамақтануы — ортақ жауапкершілік.

Бейнематериал

Тамақтануға жүргізілген мониторинг

Оқу жылының басталуына байланысты мектебіміздің екі асханасында оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру сапасына мониторинг жүргізілді. Мониторинг жұмысына мектеп директоры, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагогтар және мектеп медбикесі қатысты.

Бақылау барысында асханалардың санитарлық жағдайы, тағам сапасы, ас мәзірінің сақталуы және оқушыларға тамақтанудың дұрыс ұйымдастырылуы назарға алынды.

Оқушылардың сапалы әрі қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету — басты назарда!

Бейнематериал

Қыркүйек айында қамқоршылық кеңес мүшелерімен бірге өткізген мектеп асханасына жүргізілген мониторинг

25.09.2026 жылы Қамқоршылық кеңес мүшелерінің қатысуымен мектептің бастауыш және жоғары буын оқушылары тамақтанатын екі асханасына мониторинг жүргізілді.

Мониторинг барысында санитарлық жағдай, ас мәзірі, тағам сапасы және оқушыларға жасалған жағдайлар қаралды.

Нәтижесінде: асханалардың жұмысы зерделеніп, тамақтану сапасы мен санитарлық талаптардың сақталуына бақылау жүргізілді.

Қамқоршылық кеңес мүшелеріне белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз!

Бейнематериал

Бракераждық тексеру бейнематериалы

Бейнематериалда мектеп асханасында дайындалған тағамдардың сапасын тексеру барысы көрсетілген. Бракераждық комиссия тағамның дәмін, иісін, сыртқы көрінісін және дайындық деңгейін бағалайды. Сонымен қатар дайын тағамдардың бекітілген ас мәзіріне сәйкестігіне және оқушыларға ұсынылатын ас үлесінің мөлшеріне назар аударылады.

Бейнематериал ата-аналарға мектеп асханасындағы тағам сапасы қалай бақыланатынын және комиссия тексеру кезінде қандай көрсеткіштерге мән беретінін таныстырады. Тексерудің мақсаты — оқушыларды сапалы әрі қауіпсіз тамақпен қамтамасыз ету.

Оқушылардың сапалы әрі қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету — басты назарда!

ВШК бойынша анықтама

2026–2027 оқу жылы

Қыркүйек ВШК бойынша анықтама 2 құжатты қарау → Қазан ВШК бойынша анықтама Құжатты ашу ↗ Қараша ВШК бойынша анықтама Құжатты ашу ↗

2026–2027 оқу жылы