Психологиялық қолдау
Оқушылардың эмоционалдық әл-ауқатын сақтау және мектепке бейімделуіне көмектесу.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі аясында атқарылған жұмыстар
Білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын сақтау, мектеп ортасына бейімделуін қамтамасыз ету, эмоционалдық жағдайын зерделеу, психологиялық қауіпсіз орта қалыптастыру және педагогтер мен ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілді.

Оқушылардың эмоционалдық әл-ауқатын сақтау және мектепке бейімделуіне көмектесу.
Жас ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық жағдайды зерделеу.
Оқушылармен, педагогтермен және ата-аналармен жұмыс.
Қауіпсіз, сенімді және қолайлы мектеп ортасын қалыптастыру.
Жылдық жұмыс жоспары әзірленіп, диагностикалық материалдар мен қызмет құжаттамалары жүйеленді. Мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагогтер және ата-аналармен өзара байланысқа көңіл бөлінді.
І тоқсан барысында оқушылардың эмоционалдық тұрақтылығын нығайту, жағымды қарым-қатынас қалыптастыру, өзара сыйластық пен түсіністікті дамыту мақсатында психологиялық-профилактикалық және ағартушылық жұмыстар жүргізілді.
Акцияның мақсаты — білім алушыларға жағымды эмоционалдық көңіл күй сыйлау, мектеп ұжымында мейірімділік, өзара сыйластық, сенім мен қолдау атмосферасын қалыптастыру және жаңа оқу жылына жағымды көзқарасын арттыру.
Мектепке бейімделуді бақылау карталары.
Орта буынға бейімделу, мазасыздық және психологиялық әл-ауқат.
Эмоционалдық жағдай және тұлғааралық қарым-қатынас.
Психологиялық әл-ауқат және әлеуметтік қарым-қатынас.
Балалардың жас ерекшеліктері, мектепке бейімделуі, эмоционалдық қолдау, сенімді қарым-қатынас орнату және психологиялық қиындықтардың алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Ата-аналар жиналыстарында баланың жеке ерекшеліктерін құрметтеу, психологиялық қысым көрсетпей тәрбиелеу және мектеп талаптарын түсіндіру мәселелеріне назар аударылды.
«Сенімді дос» бағдарламасын іске асыру аясында педагогикалық ұжым мен қызметкерлерге арналған оқыту іс-шаралары өткізілді.
Қатысушылар бағдарламаның мақсаттарымен, міндеттерімен, жұмыс қағидаттарымен және оны тәжірибеде қолдану тәртібімен танысты. Психологиялық қауіпсіздік, эмоциялық қолдау және мамандармен бірлескен әрекет мәселелері қарастырылды.

І тоқсанда клубты ашу бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Әр сыныптан 1–3 оқушыны ерікті түрде тарту жоспарланды.
Алдағы уақытта танысу ойындары, психологиялық тренингтер, шығармашылық тапсырмалар және командалық кездесулер өткізу көзделген.
Мектепке бейімделу, тұлғааралық қарым-қатынас, эмоционалдық жағдай және оқу үдерісіндегі қиындықтардың алдын алу.
Жеке ерекшеліктерді ескеру, құпиялылықты сақтау, педагогтер мен ата-аналардың өзара ынтымақтастығы.
І тоқсанда ұйымдастырушылық, диагностикалық, профилактикалық, ағартушылық және консультациялық бағыттар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді.
Алдағы уақытта білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын нығайту, қолайлы психологиялық ортаны сақтау, педагогтер мен ата-аналардың психологиялық сауаттылығын арттыру және клуб жұмысын дамыту бағытындағы іс-шаралар жалғасын табады.
Габдуллина К.М. · Рахметова А.Д. · Адамбекова К.Ш. · Данияр Ш.Д.
2026–2027 оқу жылы