KZ RU
ҚОЛДАУ · ДАМУ · СЕНІМ

КПИ мамандары

Аймағамбетова Гулмира Рыскалиевна
Психолог

Аймағамбетова
Гулмира Рыскалиевна

Жұмыс бағытым

Әр баланың жеке психологиялық ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, эмоционалдық жағдайын тұрақтандыруға, өзін-өзі тануына, мінез-құлқын реттеуіне, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және әлеуметтік ортаға бейімделуіне бағытталған жеке және топтық психологиялық түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу.

Баланың психологиялық жайлылығын қамтамасыз етіп, өзіне деген сенімділігін арттыруға қолдау көрсету.

Молдатаева Шолпан Жайылхановна
Логопед

Молдатаева
Шолпан Жайылхановна

Жұмыс бағытым

Әр баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сөйлеу тілін дамытуға, дыбыстарды дұрыс айтуға, сөздік қорын молайтуға және өз ойын еркін жеткізуіне бағытталған жеке және топтық түзету-дамыту сабақтарын жүргізу.

«Әр баланың анық сөйлеп, өз ойын еркін жеткізуіне бірге қадам жасаймыз!»
Жангожинова Саягуль Имматовна
Дефектолог

Жангожинова
Саягуль Имматовна

Жұмыс бағытым

«Әр баланың танымдық қабілетін дамытып, зейінін жетілдіріп, ойлауын ұштап, оқу мен жазу дағдыларын қалыптастырамыз. Әр балаға қолдау – әр жетістікке бастар жол!»
Данияр Шынар Дарханқызы
Педагог-психолог

Данияр
Шынар Дарханқызы

Жұмыс бағытым

Әрбір білім алушының жас және жеке психологиялық ерекшеліктерін, эмоционалдық қажеттіліктері мен тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып, психологиялық қолдау көрсету.

Оқушылардың эмоционалдық әл-ауқатын нығайтуға, өзін-өзі тану және өзін-өзі бағалау дағдыларын дамытуға, мінез-құлқын реттеуге, өзіне деген сенімділігін арттыруға, тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға және мектеп ортасына бейімделуіне бағытталған жеке және топтық психологиялық жұмыстар жүргізу.

Сонымен қатар, оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қиындықтарды еңсеруге көмектесу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және олардың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау.